A

A

A+

МКҚК «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана»

 

A- A A+

МКҚК «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана»

 

ГККП«Кармакшинская центральная районная больница с амбулаторно- поликлинической услугой»

ГККП«Кармакшинская центральная районная больница с амбулаторно- поликлинической услугой»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

7 жылда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық ұйымдарды қаржыландыру 1,8 есеге ұлғайды

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) аясында арнаулы, жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен лизингтік төлемдерді өтеу мақсатында медициналық ұйымдарды қаржыландыру соңғы 7 жылда 1,8 есеге ұлғайды (2010 жылғы 162,2 млрд. теңгеден 2016 жылғы 297,3 млрд. теңгеге дейін).

 Ол 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің аясында халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету» (әрі қарай - БҰДЖ) бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

БҰДЖ енгізу екі кезеңде: біріншісі (2010-2012 жж.) – стационарлық деңгейде, екіншісі (2014-2016 жж.) – амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады.                          

 БҰДЖ негізгі қағидалары: пациенттердің стационарды еркін таңдауы; медициналық көмек көрсетудегі бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру; медициналық қызмет көрсету үрдісінің ашықтығы; медициналық ұйымдарды көрсетілген медициналық көмектің көлемі, сапасына байланысты көрсетілетін нәтижесіне қарай қаржыландыру